Todayinfo.kz
NewsView all articles

Дженнифер Лопестің Мысырдағы концерті шу туғызды

Америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопес 2025 жылғы 30 шілдеде Мысырдың Шарм-эш-Шейх қаласында концерт беріп, тыңдармандар арасында үлкен ажиотаж тудырды. Келесі күні, яғни 1 тамызда, 56 жастағы әнші Астана сахнасына шығады,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Әншінің «Up

By Айғаным Нариманова··1 min read
Дженнифер Лопестің Мысырдағы концерті шу туғызды

Америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопес 2025 жылғы 30 шілдеде Мысырдың Шарм-эш-Шейх қаласында концерт беріп, тыңдармандар арасында үлкен ажиотаж тудырды. Келесі күні, яғни 1 тамызда, 56 жастағы әнші Астана сахнасына шығады,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Әншінің «Up All Night» атты алты жылдан кейінгі алғашқы халықаралық гастрольдік туры 2025 жылғы 8 шілде мен 10 тамыз аралығында өтіп жатыр.

Бастапқыда Мысырдағы концерт 4 шілдеге жоспарланған еді, алайда ұйымдастырушылар орындаушының гастрольдік кестесіне байланысты шоу 30 шілдеге ауыстырылғанын хабарлаған.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, концерттің өтетін күні Шарм-эш-Шейхтегі кешеннің алдына мыңдаған адам жиналып, кіреберіс маңында адам кептелісі орын алған. Әншінің өнерін тамашалауға асыққан жұрттың көптігі салдарынан ұйымдастыру жұмыстарына қатысты әлеуметтік желіде сын пікірлер де айтылған.

Related

Дженнифер Лопестің Мысырдағы концерті шу туғызды · Todayinfo