Todayinfo.kz
NewsView all articles

Елімізде 300-ден аса адам мал ұрлығымен айналысқан

Қазақстанда бір жылда мал ұрлаумен айналысқан 300-ден аса адам немесе 59 қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы ІІМ криминалдық полиция департаменті басқарма басшысының орынбасары Жандос Батырбеков айтты, деп хабарлады Todayinfo.kz Halyq Uni -не сілтеме жасап.  ІІМ өкілінің айуты

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Елімізде 300-ден аса адам мал ұрлығымен айналысқан
Қазақстанда бір жылда мал ұрлаумен айналысқан 300-ден аса адам немесе 59 қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы ІІМ криминалдық полиция департаменті басқарма басшысының орынбасары Жандос Батырбеков айтты, деп хабарлады Todayinfo.kz Halyq Uni -не сілтеме жасап.  ІІМ өкілінің айутынша, елімізде мал ұрлығы көбінесе жайылымда жасалады.
Әдетте мал ұрлығының 75%-ы жайылымда болады. Соңғы 5 жылда мал ұрлығы 62,5%-ға төмендеді, былтырғы көрсеткіш – 16,3%, - деді Жандос Батырбеков ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
  2023 жылы Қазақстанда «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы 4 рет өткізілген.
  Оның барысында мал ұрлығына қатысы бар 450 адам, 75 қылмыстық топ ұсталды. 8,5 мыңнан астам ұрланған малдың тең жартысы (4 493 бас мал) табылып, иелеріне қайтарылды, – деді ІІМ криминалдық полиция департаменті басқарма басшысының орынбасары.  
Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі қылмыстық топтармен күресіп, мал базарларын бақылауға алған.
  Нәтижесінде 2023 жылы 300-ден аса (376) мал ұрлығы анықталды. Оның ішінде 59 қылмыстық топ ұсталды, - деді Жандос Батырбеков.  
ІІМ мал ұрлығын болдырмау үшін тұрғындарға мынадай кеңес берді:
    • Малды қараусыз қалдырмау үшін үшжақты келісімшартқа (малдың иесі – әкімшілік – малшы) отырған жөн;
 
    • Асыл тұқымды малды бақылау үшін GPS-трекерлерді орнату керек;
 
    • Мал басын міндетті түрде таңбалау. Бұл болашақта ұрланған және жоғалған малды іздеуге, сондай-ақ тараптар арасындағы ықтимал дауларды шешуге мүмкіндік береді.
  фото: ашық дереккөзден Todayinfo.kz 

Related

Елімізде 300-ден аса адам мал ұрлығымен айналысқан · Todayinfo