Елімізде қанша адам жемқорлық жасағаны анықталды – Асхат Жұмағали Тоқаевқа есеп берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады, деп хабарлайды Todayinfo. Президентке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің елімізде қабылдаған шаралары туралы есеп берілді. Қасым-Жомарт Т

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады, деп хабарлайды Todayinfo.
Президентке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің елімізде қабылдаған шаралары туралы есеп берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Антикор қызметінің биылғы жоспары, соның ішінде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру жөніндегі негізгі міндеттері таныстырылды.
Асхат Жұмағалидың айтуынша, былтыр 1641 жемқорлыққа қатысты қылмыс тіркеліп, жүйелі түрде жемқорлық жасаудың 68 фактісі анықталған. Екі ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленіп, сонымен қатар екі топқа үкім шығарылған. Сыбайлас жемқорлыққа жол берген 1493 адам ұсталды. Олардың ішінде түрлі деңгейдегі 229 басшы бар. 914 адам сотталды.
Агенттік 2022 жылдан бері мемлекетке жалпы сомасы 1,12 триллион теңгеге бағаланған мүліктік активтер мен қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз еткен. Былтыр сомасы 486,5 миллиард теңге болатын мүліктік активтер мен қаражат қайтарылған.
Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай. президентке ведомствоның мемлекеттік сатып алу мен қаржының мақсатты игерілуіне мониторинг жүргізіп, 87,7 миллиард теңгенің тиімсіз жұмсалуына жол бермегені жөнінде айтылды. Маңызды инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалардың құрылысын бақылау жұмыстары жалғасып жатыр. Агенттіктің қадағалауында 182 нысан бар, оның ішінде 81 құрылыстың жұмысы аяқталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Президент тапсырмаларының орындалуы жайында баяндады. Атап айтқанда, жол саласындағы жемқорлықты жою үшін талдау жүргізіліп, уәкілетті органдарға бірқатар ұсыным берілді.
Агенттік қызметкерлерінен арнайы құрылған топтар өңірлердегі жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізіп жатыр. Бақылауға алынған 258 жобаның жалпы ұзындығы 1,8 мың шақырым болатын 119 учаскесі пайдалануға беріліп, оларда анықталған ақаудың 95 пайызы ретке келтірілді.
Related

AQORDA
Қ. Тоқаев пен Н. Христодулидистің келіссөзі екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда өтті
Айдар Керім·

AQORDA
Ержан Жиенбаев ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды
Айдар Керім·

AQORDA
Қ. Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады
Айдар Керім·

AQORDA
Мемлекет басшысы Токио губернаторы Юрико Коикэні қабылдады
Айғаным Нариманова·