Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

Елімізде тәртіп бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі көбейді

Фото: tv7 Бүгіннен бастап елімізде айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңгеге өсті. Былтыр АЕК көлемі 3 692 теңге болған еді. Ал қоғамдық орындарда тәртіп бұзған азаматтарға салынатын айыппұлдың мөлшері дәл осы АЕК-ке байланысты өсті. Заңды білмеу – жазадан құтқармайды. Todayinfo

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Елімізде тәртіп бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі көбейді
Фото: tv7 Бүгіннен бастап елімізде айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңгеге өсті. Былтыр АЕК көлемі 3 692 теңге болған еді. Ал қоғамдық орындарда тәртіп бұзған азаматтарға салынатын айыппұлдың мөлшері дәл осы АЕК-ке байланысты өсті. Заңды білмеу – жазадан құтқармайды. Todayinfo азаматтарға заңды бұзып, қалтадағы ақшадан қағылмау үшін төмендегі ескертулерді еске салады: — Рәміздерді қорлау — 11 796 000 теңге; — подьезге кіреберісте не пәтердің есігінің алдына қоқыс салынған дорбаны қалдыру — 78 640 теңге; — кешкі сағат 22-00-ден кейін шулап, елдің тыныштығын алу — 19 660 теңге; — қоғамдық орында түкіру — 19 660 теңге; — көлікте отырып телефон пайдалану не қауіпсіздік белбеуін тақпау — 19 660 теңге; — құжатсыз көлік жүргізу — 78 640 теңге; — автобуста жолақы төлемеу — 7 864 теңге; — кәмелетке толмаған жасөспірімнің түнгі 22-00-ден кейін ойын-сауық мекемелерінде жүруі — 11 796 теңге; — жолды белгіленбеген жерден қиып өту — 7 864 теңге; — көлік жылдамдығын асыру — 19 660 теңгеден 117 960 теңгеге дейін; — қоғамдық орында балағат сөз айту — 78 640 теңге; — мұғалімді не дәрігерді балағаттау — 39 320 теңге. — қоғамдық орында ішімдік ішу не масаң күйде жүру — 19 660 теңге; — кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сату — 58 980 теңгеден 393 200 теңгеге дейін; — Жала жабу — 629 120 теңге; — Жеке деректерді заңсыз жинау және өңдеу — 39 320 теңгеден 275 240 теңге; — Қасақана жалған жарнама жасау — 393 200 теңгеден 3 932 000 теңгеге дейін; — блогерлікпен жалған ақпарат тарату — 117 960 теңгеден 393 200 теңгеге дейін; — Төлқұжатты немесе жеке куәлікті кепілзат ретінде алу — 19 660 теңге; — Қоғамдық орында жабысу (сауда жасау, қайыр тілеу, бал ашу, жезөкшелік) — 19 660 теңге.

Related

Елімізде тәртіп бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі көбейді · Todayinfo