Елімізде ҰҚШҰ әскери жаттығулары өтеді
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскери оқу-жаттығулары 2026 жылы ұйымға мүше бірнеше елдің аумағында, соның ішінде Қазақстанда өтеді. Бұл жөнінде ұйымның Біріккен штабының бастығы, генерал-полковник Андрей Сердюков брифингте хабарлады. Оның айтуынша, биыл бірлескен және

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскери оқу-жаттығулары 2026 жылы ұйымға мүше бірнеше елдің аумағында, соның ішінде Қазақстанда өтеді. Бұл жөнінде ұйымның Біріккен штабының бастығы, генерал-полковник Андрей Сердюков брифингте хабарлады.
Оның айтуынша, биыл бірлескен және жедел дайындық шеңберінде шамамен 60 іс-шара ұйымдастыру көзделген. Оның сегізі — командалық-штабтық және арнайы оқу-жаттығулар.
Қыркүйек айында Қазақстан аумағында Орталық Азия өңірінің жедел өрістету ұжымдық күштері қатысатын «Рубеж» бірлескен жаттығуы өтпек. Ал қыркүйек-қазан айларында Ресейде Ұжымдық жедел әрекет ету күштері жұмылдырылатын «Өзара іс-қимыл» командалық-штабтық жаттығуы, «Іздеу» арнайы барлау оқу-жаттығуы және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге бағытталған «Эшелон» жаттығуы жоспарланған. Қазан айында Тәжікстанда «Кобальт» және «Скала» арнайы жаттығулары ұйымдастырылады.
Оқу-жаттығуларға байқаушы ретінде Терроризмге қарсы орталықтың, ТМД Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің үйлестіру қызметінің және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы хатшылығының өкілдері қатысады.
Ұйым мәліметінше, стратегиялық деңгейдегі жаттығулар барысында пысықталған құжаттар алдағы бірлескен іс-шараларды жоспарлауға негіз болмақ.
Фото: ОДКБ © RT / Алексей Заквасин
Related

News
Экологические вопросы Каспийского моря обсудил Маулен Ашимбаев с жителями Атырау
Жаннұр Еділбаева·

News
Халықаралық «қазақ тілі» қоғамы мен Openai серіктестігінің алғашқы нәтижелері ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

News
Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысты компанияның мүлкі мемлекетке қайтарылды
Айғаным Нариманова·

News
В Павлодаре трехлетняя девочка выпала из окна третьего этажа
Жаннұр Еділбаева·