Todayinfo.kz
NewsView all articles

Елордада 90 мопед жүргізушісі жол-көлік оқиғасына ұшыраған

Елордада мопед жүргізушілері 90 жол-көлік оқиғасына себепкер болған, деп хабарлады Todayinfo тілшісі. Астанада «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында бір тәулікте жол ережесін бұзғандар үшін коммуналдық тұраққа 92 мопед қойылған. Жыл басынан бері 22 мопед жүр

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Елордада 90 мопед жүргізушісі жол-көлік оқиғасына ұшыраған
Елордада мопед жүргізушілері 90 жол-көлік оқиғасына себепкер болған, деп хабарлады Todayinfo тілшісі. Астанада «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында бір тәулікте жол ережесін бұзғандар үшін коммуналдық тұраққа 92 мопед қойылған. Жыл басынан бері 22 мопед жүргізушісі әртүрлі ауырлықтағы дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген, сондай-ақ алған жарақат салдарынан 1 адам қайтыс болды. Бұған қоса, электроскутер жүргізушілері 9 жол-көлік оқиғасына ұшырады. Еске сала кетсек, елордада 20-30 маусым аралығында қоғамдық тәртіпті тиісті деңгейде сақтау мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр.  

Related

Елордада 90 мопед жүргізушісі жол-көлік оқиғасына ұшыраған · Todayinfo