Елу еркекті еркінен айырған арулар: Астанада түнді жігіттермен пәтерде өткізбек болған қыздар сотталды
Астана прокуратурасы елордада 50-ге жуық ер адамды алдап соққан үш қыздың алаяқтық схемасын әшкереледі. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Алаяқтар танысу сайттары арқылы ер адамдармен байланыс орнатып, кездесуді жалға алынған пәтерде өткізуді ұсынған. Олар ин

Астана прокуратурасы елордада 50-ге жуық ер адамды алдап соққан үш қыздың алаяқтық схемасын әшкереледі. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Алаяқтар танысу сайттары арқылы ер адамдармен байланыс орнатып, кездесуді жалға алынған пәтерде өткізуді ұсынған. Олар интернетке тартымды интерьер фотосуреттерін жүктеп, пәтерді бір тәулікке жалға алу үшін алдын ала төлем жасауды талап еткен.
Нәтижесінде 45-тен астам жәбірленуші жалған пәтер үшін жалпы сомасы 620 мың теңгеге жуық қаражат аударған. Ақша қолдарына тиісінше, қыздар жәбірленушілермен байланысты үзіп, олардың нөмірлерін бұғаттап отырған.
Сотта айыпталушылар өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынды өтеді. Сот үкімімен оларға 3 жылдан 3 жыл 6 айға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сотталғандарға пробациялық бақылау орнатылып, мәжбүрлі еңбекке тартылды. Үкім заңды күшіне енді.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілердегі (әсіресе Threads платформасындағы) “танысқым келеді” немесе “жар іздеймін” деген хабарландыруларға сақ болуды ескерткен болатын.
Мұндай жазбалардың артында қарапайым қолданушылар емес, кәсіби алаяқтар тұруы мүмкін екенін ұмытпаған жөн.
Related

News
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

News
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

News
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

News
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·