Ең арзаны 2,1 миллион теңге: футбол чемпионатының билеттері жанкүйерлерді шошытты
Фото: aa.com.tr Англия жанкүйерлері Футбол қауымдастығына хат жолдап, билеттердің бағасына байланысты шара қолдануды талап етті, деп хабарлайды Todayinfo.kz. 2026 жылы Мексика, Америка Құрама Штаттары және Канадада өтетін футбол чемпионатының билеттері жанкүйерлерді таңғалдырды.

Фото: aa.com.tr
Англия жанкүйерлері Футбол қауымдастығына хат жолдап, билеттердің бағасына байланысты шара қолдануды талап етті, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
2026 жылы Мексика, Америка Құрама Штаттары және Канадада өтетін футбол чемпионатының билеттері жанкүйерлерді таңғалдырды.
Ең арзан билет ағылшын жанкүйерлеріне 3128 фунт стерлингке (шамамен 2,1 миллион теңге) түседі.
2026 жылғы әлем чемпионаты тарихтағы ең ауқымдысы болмақ. Бұрынғыдай 32 емес, 48 ұлттық құрама қатысады.
Қазірдің өзінде 42 команда белгілі, ал қалған алты жолдама 2026 жылдың көктемінде еуропалық және құрлықаралық плей-офф арқылы анықталады.
Турнир 11 маусымда Мексиканың Мехико қаласындағы «Ацтека» стадионында басталады. Ашылу ойынында Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасы кездеседі. Чемпион команда 2026 жылы 19 шілдеде Нью-Йорк маңындағы «Метлайф» стадионында өтетін финалда анықталады.
Related

Sport
«Жасың келді»: Назым Қызайбай туыстары өзінің әбден мазасын алғанын айтты
Айдар Керім·

Sport
Испания құрамасы араға 16 жыл салып финалға шықты (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Sport
Мбаппе мен Дембеле гол соғып, Франция әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Айдар Керім·

Sport
Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамалып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды
Айғаным Нариманова·