Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Еревандағы ерегес»: Еркебұлан Тоқтар қырғызстандық Марсельден оңбай таяқ жеді

Қазақстандық спортшы Еркебұлан Тоқтар Арменияның Ереван қаласында өткен Hype FC 28 турнирінде өнер көрсетті. Тоқтар қырғызстандық Марсель Нұрланбек уулымен жекпе-жек өткізді. Жеңіл салмақта өткен кездесу ММА қолғаптарымен бокс ережесі бойынша ұйымдастырылып, төрешілердің бірауызд

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
«Еревандағы ерегес»: Еркебұлан Тоқтар қырғызстандық Марсельден оңбай таяқ жеді
Қазақстандық спортшы Еркебұлан Тоқтар Арменияның Ереван қаласында өткен Hype FC 28 турнирінде өнер көрсетті. Тоқтар қырғызстандық Марсель Нұрланбек уулымен жекпе-жек өткізді. Жеңіл салмақта өткен кездесу ММА қолғаптарымен бокс ережесі бойынша ұйымдастырылып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Қырғызстан спортшысының жеңісімен аяқталды. Еркебұлан Тоқтардың аралас жекпе-жектегі (ММА) кәсіби мансабына келсек, қазіргі таңда оның рекорды — 11 жеңіс, 3 жеңіліс. Соңғы жекпе-жегін ол өткен жылдың тамыз айында өткізіп, ирандық файтер Фарзад Гадериді (19-17) екінші раундта нокаутпен жеңген. Ал Марсель Нұрланбек уулудың ММА-дегі статистикасы — 14 жеңіс, жеңіліссіз. Соңғы кездесуін ол 2024 жылдың тамызында өткізіп, өзбекстандық спортшы Фарход Эргишбаевты (4-3) нокаутпен жеңген. Фото: sports.kz

Related

«Еревандағы ерегес»: Еркебұлан Тоқтар қырғызстандық Марсельден оңбай таяқ жеді · Todayinfo