Todayinfo.kz
NewsView all articles

40 жастағы Ерке Есмахан үшінші рет ұлды болды

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан 40 жасында үшінші сәбиін дүниеге әкелді. Қуанышты жаңалықты жұбайы RaiM әлеуметтік желіде бөлісті. Ол Instagram парақшасында нәрестемен бірге түскен суретін жариялаған ол ұлына «Райымбек Батыр» есімін берген, деп хабарлайды Todayinfo. Суретт

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
40 жастағы Ерке Есмахан үшінші рет ұлды болды
Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан 40 жасында үшінші сәбиін дүниеге әкелді. Қуанышты жаңалықты жұбайы RaiM әлеуметтік желіде бөлісті. Ол Instagram парақшасында нәрестемен бірге түскен суретін жариялаған ол ұлына «Райымбек Батыр» есімін берген, деп хабарлайды Todayinfo.
Суретте RaiM жаңа туған сәбиінің қолынан сүйіп тұрған сәті көрінеді. Фотоның сипаттамасында ол: «Қош келдің, ұлым. Райымбек Батыр», - деп жазған.
Желі қолданушылары мен отандық шоу-бизнес өкілдері ерлі-зайыптыларды құттықтап, жылы лебіздерін білдіруде.
«Жиеннің бауы берік болсын! Райым, Ерке, батырларың ел сүйетін, елі қадірлейтін азамат болсын. Алла қуат берсін!», «Менің ұлымның есімі де Батыр. Бауы берік болсын!», «Құтты болсын, бауы берік болсын, салиқалы, саналы, иманды ұрпақ қатарынан болсын», – деген тілектер жазылған.

Related

40 жастағы Ерке Есмахан үшінші рет ұлды болды · Todayinfo