Еркін күрес балуандары Олимпиадаға жолдама ала алмады
Еркін күрестен Қазақстан құрама командасы Түркияның Ыстанбұлда өткен әлемдік іріктеу турнирінде Олимпиадаға жолдама ала алмады. Ұлттық құраманың балуандары үш салмақта Олимпиадаға лицензия алған жоқ. Бұған дейін 86, 97 және 125 келідегі балуандар іріктеуден өткен болатын. Ыстанбұ

Еркін күрестен Қазақстан құрама командасы Түркияның Ыстанбұлда өткен әлемдік іріктеу турнирінде Олимпиадаға жолдама ала алмады.
Ұлттық құраманың балуандары үш салмақта Олимпиадаға лицензия алған жоқ. Бұған дейін 86, 97 және 125 келідегі балуандар іріктеуден өткен болатын.
Ыстанбұлда өткен соңғы іріктеу турнирінде балуандар 57, 65, 74 келіде жолдамаға таласты. Бірақ ешкім межелі орыннан көріне алмады.
Рахат Қалжан (57 келі) қола медаль үшін күресте қытайлық Ваньхао Цзоуға есе жіберді.
Адлан Асқаров (65 келі) жұбаныш белдесуінде ресейлік Нургун Скрябиннен жеңілді.
Нұрғожа Қайпанов (74 келі) албаниялық Чермен Валиевпен қола медаль үшін күресіп, одан айласын асыра алмады.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·