Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Ешкімге тіс жарма деп айтқан»: Шерзат ісінде кәмелетке толмаған күдікті сотта өз сөзінен бас тартты

Шерзат Полаттың өліміне қатысты жалғасып жатқан сот процесінде кәмелетке толмаған күдікті Думан Ысқақ бұрынғы мәлімдемелерінен бас тартты. Ол тергеу кезінде айтқанын енді қолдамайтынын айтып, қобалжу мен эмоционалды қысым әсер еткенін алға тартты,деп хабарлайды Todayinfo . «Терге

By Айғаным Нариманова··1 min read
«Ешкімге тіс жарма деп айтқан»: Шерзат ісінде кәмелетке толмаған күдікті сотта өз сөзінен бас тартты

Шерзат Полаттың өліміне қатысты жалғасып жатқан сот процесінде кәмелетке толмаған күдікті Думан Ысқақ бұрынғы мәлімдемелерінен бас тартты. Ол тергеу кезінде айтқанын енді қолдамайтынын айтып, қобалжу мен эмоционалды қысым әсер еткенін алға тартты,деп хабарлайды Todayinfo.

«Тергеуде қатты қобалжыдым. Анамды көрмегеніме де біраз уақыт болып еді. Тергеушілердің сөздері де қатқыл болды. Сол себепті артық нәрсе айтып қойдым. Қазір ол жауабымды қолдамаймын», – деді Думан Ысқақ сот отырысында.

             Абзал Шынасылға қатысты айғақтардан бас тартты

Тергеу кезінде беттестіру барысында Думан Ысқақ Абзал Шынасылдың көлік ішінде "ешкімге тіс жарма" дегенін, сондай-ақ оның қолында 2-3 пышақ пен мылтық болғанын айтқан еді. Алайда сотта бұл сөздерінен де бас тартып, шатасып кеткенін жеткізді.

«Мылтықты да, пышақты да анық есімде жоқ. Тергеу кезінде дұрыс түсінбей, шатасып кеттім», – деді ол.

                  Іс бойынша сот процесі жалғасуда

Қазіргі уақытта 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс қоғамның ерекше назарында. Сот отырыстары тікелей эфирде көрсетіліп, қоғамдық бақылау мен ашықтық қамтамасыз етілуде. Күдіктілер қатарында Абзал Шынасыл, Равиль Сакиев, Нуркияс Ильясов сынды азаматтар бар.

Related

«Ешкімге тіс жарма деп айтқан»: Шерзат ісінде кәмелетке толмаған күдікті сотта өз сөзінен бас тартты · Todayinfo