Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Ешқандай қойылым емес»:  Министр ұшақта құтқарған кісі танымал журналист болып шықты

Кеше ұшақ бортында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова науқас адамды құтқарып қалғанын жазған болатынбыз, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Ұшақта жағдайы нашарлап кеткен жолаушының кім екені белгілі болды. Ол — 1,6 млн жазылушысы бар танымал журналист Гүлми

By Айғаным Нариманова··1 min read
«Ешқандай қойылым емес»:  Министр ұшақта құтқарған кісі танымал журналист болып шықты
Кеше ұшақ бортында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова науқас адамды құтқарып қалғанын жазған болатынбыз, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Ұшақта жағдайы нашарлап кеткен жолаушының кім екені белгілі болды. Ол — 1,6 млн жазылушысы бар танымал журналист Гүлмира Абықай екен. Эконом-класта, авариялық шығу есігінің жанында отырған сәтінде денсаулығы күрт нашарлап, көмекке мұқтаж болғанын өзі айтып берді. Билетті де сақтап қойған. Оған сол сәтте алғашқы көмек көрсеткен — денсаулық сақтау министрі. Журналист бұл оқиғаның кездейсоқ болғанын айтады. Бірақ ең қызығы, дәл сол күні Гүлмира Абықай Білім министрімен де жолығыпты. Министрлерге деген «магнит» секілді: бір күнде екі министрмен кездесіп үлгерді. Ал елдегі өзекті проблемаларды көтеріп жүрген басқа журналистер айлап жауап ала алмай жүргенде, бұған министрлер өздері «жолыққандай» күйде.

Related

«Ешқандай қойылым емес»:  Министр ұшақта құтқарған кісі танымал журналист болып шықты · Todayinfo