Атырау–Ақтау бағытындағы жолаушылар пойызында түсірілген видео әлеуметтік желіні дүрліктірді. Кадрларда жолаушы қызметкерлерге ашулы түрде шағым айтып жатыр: вагон іші шаң басқан, терезелер кір, қоқыс жиналмаған, деп хабарлайды todayinfo.kz «Бұл пойыз жуылады ма? Қоқыс жатыр, тер
Атырау–Ақтау бағытындағы жолаушылар пойызында түсірілген видео әлеуметтік желіні дүрліктірді. Кадрларда жолаушы қызметкерлерге ашулы түрде шағым айтып жатыр: вагон іші шаң басқан, терезелер кір, қоқыс жиналмаған, деп хабарлайды todayinfo.kz
«Бұл пойыз жуылады ма? Қоқыс жатыр, терезе жуылмаған, іші шаң-тозаң! Бірінші тазалап алыңдар да, сосын жолаушы отырғызасыңдар. Мына кір вообще өмірі жуылмаған!» – дейді ашынған жолаушы.
Айтуынша, пойызға мінген сәттен бастап жағдайы көңілден шықпаған. Видеоны көрген көпшілік теміржол қызметінің жауапкершілігін сынға алды.
«Арыз жазамыз!» – деп ескертті жолаушы пойыз персоналына.
Пікір қалдырғандар арасында «Жолаушыдан билет ақшасын толық алады, бірақ қызмет сапасы нөл» деп жазғандар да бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от BudetGrom (@budetgrom_)