Есікке сөмкесі қысылып қалған: Қарағандыда ер адам автобустан құлап кетті
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тараған. Кадрлардан жолаушының жүріп бара жатқан №43 бағыттағы автобустан құлағаны анық көрінеді. Бейнежазбада ер адамның автобусқа мініп, салон ішіне өтпей, есік маңында тұрғаны байқалады. Жүріп бара жатқан көлікте есіктер толық жабылмай, қайта

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тараған. Кадрлардан жолаушының жүріп бара жатқан №43 бағыттағы автобустан құлағаны анық көрінеді.
Бейнежазбада ер адамның автобусқа мініп, салон ішіне өтпей, есік маңында тұрғаны байқалады. Жүріп бара жатқан көлікте есіктер толық жабылмай, қайта ашылған.
Алдын ала болжам бойынша, жолаушының арқасындағы сөмкесі есіктердің жабылуына кедергі келтірген. Соған қарамастан автобус қозғалысты бастап, жолаушы жолға құлап түскен. Кейін көлік тоқтап, басқа жолаушылар көмек көрсету үшін сыртқа шыққан. Қарағанды қаласы әкімдігі оқиғаның болғанын растаған. Зардап шеккен азаматқа медициналық көмек көрсетіліп, қазіргі уақытта ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.
Қала әкімдігінің мәліметінше, жүргізуші есіктердің толық жабылғанына көз жеткізбей, қозғалысты бастаған. Қазіргі таңда автобустағы бейнебақылау камераларының жазбалары алынып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Related

News
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·

News
Мәдениет үйлері мен заманауи музейлер: Қазақстанда мәдениет саласын дамыту жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр
Жаннұр Еділбаева·

News
Олжас Бектенов провел совещание по вопросам завершения весенне-полевых работ и развития АПК
Жаннұр Еділбаева·

News
05 Маусым 2026, 15:35 Олжас Бектенов көктемгі егіс жұмыстарын аяқтау және АӨК-ті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Жаннұр Еділбаева·