Есіл қаласында полиция сержанты көліктен өлі табылды
Ақмола облысында көліктің ішінен 2 адамның мәйіті табылды. Олардың біреуі – полицей, деп хабарлады sinegor.kz . 5 наурызда Есіл қалалық полиция басқармасына бір адам хабарласып, көлік жуу орнының жанында тұрған көліктен 2 адамның мәйітін тапқанын айтқан. Оқиға орнына барған маман

Ақмола облысында көліктің ішінен 2 адамның мәйіті табылды. Олардың біреуі – полицей, деп хабарлады sinegor.kz.
5 наурызда Есіл қалалық полиция басқармасына бір адам хабарласып, көлік жуу орнының жанында тұрған көліктен 2 адамның мәйітін тапқанын айтқан. Оқиға орнына барған мамандар Audi A6 маркалы көліктен 28 және 29 жастағы екі ер адамның денесін шығарды.
Қайтыс болғандардың аты-жөні анықталды. Біреуі – полиция сержанты. Ол Есіл аудандық полиция бөліміне қарасты уақытша ұстау изоляторында жұмыс істеген. Екіншісі – жергілікті тұрғын.
Ер адамдардың денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Алдын ала мәліметке сәйкес, екеуі де алкоголь ішпеген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·