Todayinfo.kz
NewsView all articles

Есірткімен ұсталған рэпер Qarakesek-ке сот үкімі шықты

Ақтөбе соты 31 жастағы рэпер Омар Аманбаевты (Qarakesek лақап атымен танымал) есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп таныды. Әртіс сот залына мәжбүрлі түрде жеткізілді. Соңғы сөзінде ол кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтып, бас бостандығынан айырумен байлан

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Есірткімен ұсталған рэпер Qarakesek-ке сот үкімі шықты

Ақтөбе соты 31 жастағы рэпер Омар Аманбаевты (Qarakesek лақап атымен танымал) есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп таныды.

Әртіс сот залына мәжбүрлі түрде жеткізілді. Соңғы сөзінде ол кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтып, бас бостандығынан айырумен байланысты жаза тағайындамауды сұрады. Оның орнына ем қабылдауға мүмкіндік беруді өтінді. Рэпердің айтуынша, ол төрт баланы тәрбиелеп отыр және дәрігерлердің көмегіне мұқтаж.

Нәтижесінде сот оған 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту және есірткіге тәуелділіктен мәжбүрлі түрде емделу жазасын тағайындады.

Еске салайық, өткен жылдың тамыз айында әртіс ұсталған болатын. Ол көлікті есірткілік мас күйінде басқарған. Ұстау кезінде оның жанынан 0,26 грамм психотроптық зат табылған.

Фото: shazam.com

Related

Есірткімен ұсталған рэпер Qarakesek-ке сот үкімі шықты · Todayinfo