Финляндия шекарашылары Ресейден болуы мүмкін тұтқиыл шабуылға дайындықты күшейтті
CNN мәліметінше, Финляндия шекарашылары Ресейден болуы мүмкін тұтқиыл шабуыл сценарийіне дайындалып, аязды орманда жаттығу өткізуде.

Финляндия шекара қызметі Ресей әскерінің тұтқиылдан шабуыл жасау сценарийіне дайындықты күшейтіп жатыр. Бұл туралы CNN өз материалында хабарлады.
Жаттығулар Ресей шекарасына жақын аумақта өтіп жатыр: қарлы орман, қақаған аяз, көріну төмен, қозғалыс қиын. Дәл осындай жағдайда шекара бойындағы кез келген оқиғаны тез байқап, дереу әрекет ету маңызды дейді фин әскері.
Фин мамандары ықтимал қатердің сипаты өзгеруі мүмкін екенін жасырмайды: бұл тек әскери қысым ғана емес, шекара инфрақұрылымына әсер ету, барлау белсенділігі және күтпеген бағыттан жасалатын әрекеттер болуы ықтимал.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·