Todayinfo.kz
NewsView all articles

Газа секторында қаза тапқандардың саны 96 мыңға жуықтаған

Газа секторында израильдық соққыдан қаза тапқан палестиналықтардың саны бір жылдың ішінде 41 455 адамға жетті. Анадолу агенттігінің мәліметінше, бұл ақпаратты Газа секторындағы палестиналық Денсаулық сақтау министрлігі таратқан. Израиль әскері соңғы тәулікте ғана Газаның түрлі бө

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Газа секторында қаза тапқандардың саны 96 мыңға жуықтаған
Газа секторында израильдық соққыдан қаза тапқан палестиналықтардың саны бір жылдың ішінде 41 455 адамға жетті. Анадолу агенттігінің мәліметінше, бұл ақпаратты Газа секторындағы палестиналық Денсаулық сақтау министрлігі таратқан. Израиль әскері соңғы тәулікте ғана Газаның түрлі бөлігінде үш жаппай адам өлтіру әрекетін жасап, салдарынан 24 адам көз жұмған. Одан басқа тағы 60 адам жараланған. Осылайша, шиеленіс кезінде қаза тапқандардың жалпы саны 95 878 адамға дейін өсті. Қираған ғимараттар мен жол бойында қалған үй-жай үйіндісінің астында да қайтыс болғандардың денесі бар. Жедел жәрдем бригадасы мен азаматтық қорғаныс күштері кедергі салдарынан ол жерге көмектесуге жете алмай отыр.

Related

Газа секторында қаза тапқандардың саны 96 мыңға жуықтаған · Todayinfo