«Егер келіссөз жүргізу мүмкіндігі болса, мен әрекет ету немесе етпеу туралы шешімді алдағы апталарда қабылдаймын», – деген Трамптың мәлімдемесін келтірді Левитт.Трамп Иранның рухани көсемі тығылған жерді білетінін, бірақ оның көзін жоюға әлі асықпайтынын мәлімдеген еді. Егер АҚШ ауыр бомбалары арқылы Иранға соққы жасаса, онсызда босып жатқан халық арасында толу пайда болады. Бұл Иран ислам республикасының құлауына әкелуі мүмкін.
GBU-57A бомбалары қолданылады: АҚШ билігі Израильмен соғысып жатқан Иранның тас-талқанын шығармақ
АҚШ мұсылман мемлекеті Иранның тас-талқанын шығармақ. Дональд Трамп әкімшілігі Иранға қарсы әскери шабуыл жоспарын қолдады. Бұл жөнінде беделді америкалық журналист әрі Пулитцер сыйлығының иегері Сеймур Херш хабарлады, деп жазды Todayinfo агенттігі РИА Новостиға сілтеме жасап. Ақ

АҚШ мұсылман мемлекеті Иранның тас-талқанын шығармақ. Дональд Трамп әкімшілігі Иранға қарсы әскери шабуыл жоспарын қолдады. Бұл жөнінде беделді америкалық журналист әрі Пулитцер сыйлығының иегері Сеймур Херш хабарлады, деп жазды Todayinfo агенттігі РИА Новостиға сілтеме жасап.
Ақ үй Вашингтонның Иранға жаппай әуе соққысын жасауды мақұлдаған. Бұл мәліметті Херш Substack платформасында жарияланған мақаласында америкалық және израильдік дереккөздерге сүйене отырып келтірген.
Вашингтон Иранға соққы жасаудың жоспарын бекітіп қойған. Тек соғысты бастау туралы бұрық қана жетіспей тұр.
Осыған ұқсас ақпаратты The Wall Street Journal басылымы да растады. Басылым мәліметінше, Трамп Иранға соққы жасау жоспарын құптағанымен, әзірге оның орындалуына нақты бұйрық берілмеген.
АҚШ тарабы Иранның ядролық бағдарламадан өз еркімен бас тартуына әлі де үміт артып отыр. Алайда, егер шабуыл жүзеге асса, басты нысана ретінде таудың астында орналасқан Фордодағы уран байыту зауыты таңдалуы мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, бұл нысанды тек АҚШ-тағы қуатты GBU-57A бомбалары ғана жоя алады. Олар арнайы B-2 Spirit құпия бомбалаушы ұшақтарымен тасымалданады.
Бейсенбі күні Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт журналистерге Трамптың сөзін жеткізді. Онда алдағы екі аптада АҚШ-тың Иран мен Израиль арасындағы қақтығысқа араласу мәселесі бойынша шешім қабылданатыны айтылған.
Related

Өзгекті жазбалар
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·