Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

Генерал қол көтерді: Қорғаныс минстрінің орынбасары Мәжілісте танымал тілшіні итеріп жіберді

Әлеуметтік желіде Түркияда оқитын Әлішер Елікбайды Қазақстанға келген каникулында көшеден ұстап, әскери бөлімшеге қамап тастағаны біраз шу болған еді. Осындай жағдайлардың жиілеуіне қатысты Мәжіліс кулуарында тілшілер Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөнінде

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Генерал қол көтерді: Қорғаныс минстрінің орынбасары Мәжілісте танымал тілшіні итеріп жіберді
Әлеуметтік желіде Түркияда оқитын Әлішер Елікбайды Қазақстанға келген каникулында көшеден ұстап, әскери бөлімшеге қамап тастағаны біраз шу болған еді. Осындай жағдайлардың жиілеуіне қатысты Мәжіліс кулуарында тілшілер Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаевтан сұрауға тырысқан, деп хабарлайды Todayinfo. Алайда министрдің орынбасары әуелі сұрақ қоймақ болған журналист Бақытнұр Әлібайды итеріп жіберді. Сосын сауалға нақты жауап беруден жалтарды.
- Қазақстан Республикасына қызмет ету керек. Әскерге алып кеткендерді емес, әскерден алып қашып кеткендерді талқылайық, - деді ол.
Ал тілшіні неге итердіңіз дегенде әуелі бұл әрекетін мойындаған жоқ. Сосын «жолыма кедергі жасады» деді. Ақпарат көзі: Qaz365.kz.

Related

Генерал қол көтерді: Қорғаныс минстрінің орынбасары Мәжілісте танымал тілшіні итеріп жіберді · Todayinfo