Ғалымдар ұзақ өмір сүрудің басты факторларын атады
Зерттеу нәтижелері Jama Network Open журналында жарияланды. Ғалымдар 80 жастан асқан 5222 адамның тамақтану әдеттері мен өмір салтын талдаған. Зерттеу сонымен қатар жүз жылға дейін өмір сүрген 1454 еріктінің деректерін қарастырды. Әрбір қатысушы зиянды әдеттерді (темекі шегу, алк

Зерттеу нәтижелері Jama Network Open журналында жарияланды.
Ғалымдар 80 жастан асқан 5222 адамның тамақтану әдеттері мен өмір салтын талдаған. Зерттеу сонымен қатар жүз жылға дейін өмір сүрген 1454 еріктінің деректерін қарастырды. Әрбір қатысушы зиянды әдеттерді (темекі шегу, алкогольді ішу), физикалық белсенділіктің жүйелілігін, диетаны және дене салмағының индексін (BMI) ескеретін салауатты өмір салты индексін (СӨС) ұстанған.
Темекі шегуден бас тарту: ешқашан темекі шекпегендердің жүз жасқа дейін өмір сүру мүмкіндігі едәуір жоғары болған. Тұрақты физикалық белсенділік: үнемі жаттығулар жасайтын адамдардың ұзақ өмір сүру мүмкіндігі де мол. Дұрыс тамақтану: дұрыс тамақтану ұзақ және салауатты өмірге ықпал еткен.
Алкогольді қалыпты тұтыну денсаулыққа жағымсыз әсер етпеген.
Жоғары BMI кейбір созылмалы аурулардың даму қаупін азайтқан.
Қала мен ауыл тұрғындарының жүз жасқа дейін өмір сүру мүмкіндігі бірдей болған.
Зерттеу ұзақ өмір сүруге қол жеткізу үшін салауатты өмір салтының маңыздылығын көрсетеді және денсаулықты жақсарту, өмірді ұзарту бойынша болашақ нұсқаулар үшін маңызды деректер береді.
Дереккөз: ulysmedia.kz
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·