Todayinfo.kz
NewsView all articles

Голливуд аңызы Роберт Дюваль өмірден озды: ол «Өкіл әке» фильмімен танылған

Голливудтың әйгілі актері, «Оскар» сыйлығының иегері Роберт Дюваль 95 жасында дүниеден озды. Ол «Өкіл әке» фильміндегі адвокат рөлімен танымал.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Голливуд аңызы Роберт Дюваль өмірден озды: ол «Өкіл әке» фильмімен танылған

Голливудтың аты аңызға айналған актері, «Өкіл әке» фильміндегі Том Хаген рөлімен танылған Роберт Дюваль 95 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Бұл қаралы хабарды CNN телеарнасына актердің жұбайы Лусиана Дюваль растады. Оның айтуынша, Роберт Дюваль Вирджиния штатындағы Мидлбергте орналасқан үйінде тыныш көз жұмған.

Роберт Дюваль көпшіліктің есінде Фрэнсис Форд Копполаның «Өкіл әке» фильміндегі Корлеоне отбасының сенімді адвокаты рөлімен сақталды. Оның актерлік шеберлігі осы туынды арқылы әлемге танылды.

Ол сондай-ақ Вьетнамдағы соғыс туралы баяндайтын «Заманақыр» эпостық картинасындағы подполковник Килгор және «Ұлы Сантини» фильміндегі теңіз жаяу әскері сияқты маңызды рөлдерді сомдады.

Актер өз мансабында жеті рет «Оскар» сыйлығына ұсынылып, 1983 жылы «Нәзік мейірім» фильміндегі кантри әншісінің бейнесі үшін «Үздік ер адам рөлі» номинациясын жеңіп алды. Бір қызығы, Дюваль бұл фильмдегі барлық вокалдық партияны өзі орындаған.

Фото: Әлеуметтік желіден

Related

Голливуд аңызы Роберт Дюваль өмірден озды: ол «Өкіл әке» фильмімен танылған · Todayinfo