Грант көлемі 369 млн теңге: Алматыда әлеуметтік бизнесті қолдау кеңейіп келеді
Алматыда 155 кәсіпкер әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген. Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өкілдері хабарлады. Тізілім — әлеуметтік кәсіпорын мәртебесін ресми алған жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туралы электрондық дер

Алматыда 155 кәсіпкер әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген. Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өкілдері хабарлады.
Тізілім — әлеуметтік кәсіпорын мәртебесін ресми алған жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туралы электрондық деректер базасы. Мұндай мәртебе қоғамдық маңызы бар міндеттерді шешетін компанияларға беріледі. Атап айтқанда, олар халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жұмыс орындарын ашады, соларға арналған өнім шығарады немесе білім беру, мәдени және өзге де қоғамдық пайдалы қызметтер көрсетеді.
Әлеуметтік кәсіпорын мәртебесі бизнеске мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануға жол ашады. Олардың қатарында 5 млн теңгеге дейінгі гранттар, жеңілдетілген шартпен үй-жай беру, сондай-ақ, даму институттары арқылы жеңілдетілген несиелеу тетіктері бар.
2022 жылдан бері басқармаға тізілімге енгізу бойынша 535 өтінім келіп түскен. Соның 155-і мақұлданған.
Бүгінде әлеуметтік кәсіпорындар білім беру, денсаулық сақтау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, экология және басқа да салаларда жұмыс істеп келеді.
Көрсетілген қолдау нәтижесінде 81 кәсіпкерге жалпы сомасы 369 млн теңге көлемінде грант берілді; 26 кәсіпкерге жеңілдетілген жалдау негізінде үй-жай ұсынылды (айына 1 шаршы метр үшін 0,1 АЕК); 2 кәсіпкер «Даму» қоры арқылы жеңілдетілген несие алды.
Әлеуметтік кәсіпкерлік аясында 307 жаңа жұмыс орны құрылды. Ал 2025 жылы бұл сала бойынша қала бюджетіне 385 млн теңге көлемінде салық түсімі түсті.
Фото: Алматы әкімдігі
Related

Almaty
В Алматы открылся второй экохаб
Жаннұр Еділбаева·

Almaty
Алматыда екінші экохаб ашылды
Жаннұр Еділбаева·

Almaty
10 бағыт – бір тәсіл: Алматыдағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасында балаларға арналған құзыреттілік орталық ашылды
Жаннұр Еділбаева·

Almaty
Алматының шығыс бөлігінде Almaty Promenade жобасы жүзеге асырылады
Жаннұр Еділбаева·