Биыл оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтап жатыр. Түлектердің санынан бұрын оларға берілген сыйлықтар қазақстандықтарды таңғалдырды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Өзге қазақстандықтар да мұндай үрдіске қарсы шығып жатыр. Көпшілік мұның ата-аналар қалтасына үлкен шығын екенін, ал жағдайы төмен отбасылардың балалары үшін екі есе ауыр тиетінін айтады.
“25 мамыр. Не мынау гүл беруден жарыс па? Ана жерде гүл алмаған қыз қандай сезімде тұр екен. Заң шығару керек мұндайға”, “Қарапайым ауыл мектебі. Көріп таңғалдым. Мақтаныш пен дарақылық сезіледі”, “Балалар неге ата анаға салмақ саласыздар? Онсызда әлі сендерді оқыту керек қой. Грантқа түссең де Гарвардқа түсіп жатқан жоқсыздар ғой! Әке шешең сол жұрттан қалмасың деп, қарыз алып та жатқан шығар”, “Мектеп тарапынан гүл рұқсат етілмеуі керек сияқты. Негізі қатты ерсі көрмейсің, бірақ жағдайы жоқ отбасылар қаншама. Олар 30-80 мың теңге аралығында гүл алып бере алмайды. Ал гүл алмаған қыздың әрине көңілі түсіп, жылауы мүмкін. Бітіру кешіне келмей қалуы да мүмкін”, – деп жазды көпшілік.
Бұл тіпті оқушылардың өзіне де әсер етуде. Себебі желіде “25 мамырға дайын емеспін. Отбасымның алып беретін жағдайы жоқ” деген де посттар көп.
Дегенмен ересек буын мұндай қымбат талаптар қоюының өзі зумерлердің еркіндігінен екенін болжады.
“Кезінде шашты өзіміз келістіріп, үйден боянған едік”, “Сонда қазір ешкім 1 қыркүйекте кигеніңді киіп, ақ бантик тағып, көрші ападан 1 тал гүл сұрап, бармай ма?”, “Біз екен ғой бәріне көне берген”, – деп жазды қазақстандықтар.
«Грантқа түссең де, Гарвардқа түсіп жатқан жоқсыңдар»: түлектерге жасалған сыйлық ата—аналар тарапынан сынға ұшырады

Related

Society
«Анам қайнысымен шаңырақ көтерді»: Мұхаммеджан Тазабек отбасына қатысты шындықты айтты
Айғаным Нариманова·

Society
Алаяқтарға алданған зейнеткер Алматыдағы екі бөлмелі пәтерінен айырылды
Айдар Керім·

Society
«Говно-казахи!»: Жақында істі болған блогер Жанабыловтың әйелінің ұлтты қорлаған жазбасы тарады
Айғаным Нариманова·

Society
Сириядан қашқан 24 жастағы жігіт Түркияда қазақстандық әйелді зорлап, тонаған
Айдар Керім·