Todayinfo.kz
NewsView all articles

Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасты туған күнімен құттықтады

Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы, танымал әнші Қайрат Нұртасты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Өнер иесі 36 жасқа толып, туған күнін атап өтті. Анасы оның дүниеге келу сәтін еске алып, ерекше оқи

By Айғаным Нариманова··1 min read
Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасты туған күнімен құттықтады
Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы, танымал әнші Қайрат Нұртасты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Өнер иесі 36 жасқа толып, туған күнін атап өтті. Анасы оның дүниеге келу сәтін еске алып, ерекше оқиғасымен бөлісті.
«Осыдан 36 жыл бұрын төркіндеп, анама қонаққа барғанымда алма мен тұздалған балыққа жерік болдым. Әсіресе, көк алманы көп жедім. Кейін ішім қатты ауырып, 25 ақпан күні түскі 14:15-те тұңғышымды өмірге әкелдім», – деп жазды Гүлзира Үсенқызы.
Продюсердің айтуынша, Қайраттың әнші болатынын жылаған даусынан-ақ сезген.
«Бізбен бірге 6 әйел қатар босанды. Солардың бірі маған: "Сенің балаңның жылаған даусы ерекше, жүрегіңді елжіретіп жібереді" деді. Кейін Қайрат "Ауырмайды жүрек" әнін шырқағанда, халық дәл осындай сезімді бастан кешкенін айтқанда, ішімнен күліп алдым», – деп еске алды Айдарбекова.
 

Related

Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасты туған күнімен құттықтады · Todayinfo