Todayinfo.kz
NewsView all articles

Хаменеи АҚШ-қа ескерту жасады: кез келген агрессия аймақтық соғысқа ұласады

Иранның Жоғарғы көсемі Әли Хаменеи АҚШ-тың кез келген әскери агрессиясы екі ел арасындағы соғыспен шектелмей, аймақтық қақтығысқа ұласатынын мәлімдеді.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Хаменеи АҚШ-қа ескерту жасады: кез келген агрессия аймақтық соғысқа ұласады
Иранның Жоғарғы көсемі Әли Хаменеи АҚШ-тың кез келген әскери агрессиясы екі ел арасындағы соғыспен шектелмей, бүкіл аймақты қамтитын ауқымды қақтығысқа айналатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Хаменеидің айтуынша, иран халқы АҚШ президенті Дональд Трамптың Таяу Шығысқа қосымша қару-жарақ жіберу туралы мәлімдемелерінен қорықпауы тиіс. Ол Иранның соғысты бірінші болып бастамайтынын, бірақ кез келген шабуылға қатаң жауап беретінін ескертті.
"Біз соғысты бастамаймыз және ешбір елге шабуыл жасауды қаламаймыз. Алайда Иран халқы шабуыл жасап, зиян келтірген кез келген күшке қатаң жауап береді", - деп атап өтті Хаменеи.
Сонымен қатар, Иран көсемі елдегі соңғы тәртіпсіздіктерді «басып-жаншылған төңкеріс әрекеті» деп бағалады. Ол бүлік шығарушылардың мақсаты елдің маңызды басқару орталықтарын жою болғанын айтты.
"Жуырдағы бүлік төңкеріске ұқсас болды. Әрине, ол басып-жаншылды. Олардың мақсаты – елді басқарудағы маңызды орталықтарды қирату еді. Сондықтан олар полицияға, мемлекеттік мекемелерге, Ислам революциясы сақшылар корпусының орталықтарына, банктер мен мешіттерге шабуыл жасады, сондай-ақ Құранды өртеді", – деді Иранның Жоғарғы көсемі.
Фото: Әлеуметтік желіден

Related

Хаменеи АҚШ-қа ескерту жасады: кез келген агрессия аймақтық соғысқа ұласады · Todayinfo