«Хитке айналды»: Жәнібек Әлімханұлының АҚШ-тағы кездесулері
Фото: ©twitter.com/boxingscene Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының екі жекпе-жегі АҚШ-тың ESPN телеарнасында нағыз хитке айналды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Бұл кездесулерді жалпы саны 1,3 ми

Фото: ©twitter.com/boxingscene
Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының екі жекпе-жегі АҚШ-тың ESPN телеарнасында нағыз хитке айналды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Бұл кездесулерді жалпы саны 1,3 миллионнан астам көрермен тамашалаған.
Brunch Boxing аналитикалық порталының мәліметінше, Әлімханұлының Стивен Батлермен жекпе-жегі ESPN телеарнасындағы ең танымал төрт кездесудің қатарына еніп, 714 мың көрілім жинаған. Ал Винченцо Гуальтьеримен өткен айқасын 600 мыңнан астам жанкүйер тамашалап, ол сегізінші орынға тұрақтады.
Дереккөзге сүйенсек, ESPN телеарнасында ең көп қаралым жинаған жекпе-жек – америкалық ауыр салмақ өкілі Джаред Андерсонның Чарльз Мартинмен кездесуі (809 мың көрермен). Екінші орында Шакур Стивенсон мен жапондық Суичиро Йошино арасындағы айқас (804 мың көрілім), ал үшінші орын Джош Тейлор мен Теофимо Лопес арасындағы жекпе-жекке бұйырды (781 мың көрілім).
Related

Sport
«Жасың келді»: Назым Қызайбай туыстары өзінің әбден мазасын алғанын айтты
Айдар Керім·

Sport
Испания құрамасы араға 16 жыл салып финалға шықты (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Sport
Мбаппе мен Дембеле гол соғып, Франция әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Айдар Керім·

Sport
Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамалып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды
Айғаным Нариманова·