Todayinfo.kz
NewsView all articles

Іле Алатауында Қызыл кітап өсімдіктері гүлдеді: табиғаттың сирек көрінісі

Алматы облысындағы Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында көктем ерекше басталды.

By Todayinfo редакциясы··1 min read
Іле Алатауында Қызыл кітап өсімдіктері гүлдеді: табиғаттың сирек көрінісі

Түрген шатқалында Қызыл кітапқа енген Сиверс алмасы гүлдеп, табиғаттың қайта жаңғыруының жарқын көрінісін паш етті. Бұл – биоалуантүрлілікті сақтау бағытында жүргізілген жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі.

Ғалымдардың айтуынша, Сиверс алмасы – әлемдегі барлық мәдени алмалардың арғы тегі. Оны сақтау мақсатында ұлттық парк аумағында генетикалық резервтер құрылып, арнайы клон мұрағаттары жасақталған. Бүгінде сирек ағаштың табиғи ареалын кеңейту және генетикалық қорын қорғау жұмыстары жалғасып жатыр.

WhatsApp Image 2026-05-05 at 15.26.32 (1).jpeg

Сонымен қатар, өңірде тағы бір ерекше өсімдік – Кессельринг лапызы де гүлдеу кезеңінде. Бұл нәзік гүл қар ерісімен бірге бой көтеріп, көктемнің алғашқы белгісіне айналады. Алайда оның барлық бөліктері улы болғандықтан, мамандар оны жұлуға немесе қолмен ұстауға болмайтынын ескертеді.

WhatsApp Image 2026-05-05 at 15.26.32.jpeg

Айта кетейік, екі өсімдік те Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және ерекше қорғауға алынған. Табиғат жанашырлары тұрғындарды сирек өсімдіктерді қорғауға және олардың табиғи ортасын сақтауға шақырады.

Related

Іле Алатауында Қызыл кітап өсімдіктері гүлдеді: табиғаттың сирек көрінісі · Todayinfo