Todayinfo.kz
NewsView all articles

Илон Масктың анасы Қазақстанға келіп, тұсау кесті

  Алматыда өткен Орталық Азия әйелдерінің форумына әйгілі бизнесмен, инженер, миллиардер Илон Масктың анасы Мэй Маск қатысты. Фото: Видеодан скриншот Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қарашаш Жүзеева желідегі парақшасында жариялады. “Бұл таңғажайып әйел – Илон Масктың ана

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Илон Масктың анасы Қазақстанға келіп, тұсау кесті
 

Алматыда өткен Орталық Азия әйелдерінің форумына әйгілі бизнесмен, инженер, миллиардер Илон Масктың анасы Мэй Маск қатысты.

Фото: Видеодан скриншот Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қарашаш Жүзеева желідегі парақшасында жариялады. “Бұл таңғажайып әйел – Илон Масктың анасы. Тек өнертапқыш баланы дүниеге әкелген ана ғана емес, сондай-ақ ол кәріліктің стереотиптерін бұзды. Өмір сүрудің моделіне айналған адам”, – деп жазды Мәслихат депутаты. Одан кейін Мэй Маск Қазақстанға құр келіп қана қоймай, қазақтың салт-дәстүріне куә болды. Ол тұсау кесіп, бүлдіршіннің алғашқы қадамына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, жұлдызды әйел Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейін де аралады. Экскурсия кезінде "Steppe Sons" модерн этно-джаз тобы қонақтарға өнер көрсетті.

Related

Илон Масктың анасы Қазақстанға келіп, тұсау кесті · Todayinfo