«Имамға ескерту жасалды»: ҚМДБ Түркістан облысындағы мешітте болған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады
Мешіт – құлшылық орны, рухани тәрбие мен жамағаттың бас қосатын қасиетті мекені. Мұсылман адам мешітке келгенде әдептілік сақтап, көркем мінез танытуы тиіс. Бұл туралы Ағабек Қонарбайұлы жазды, деп хабарлайды Todayinfo порталы. Қоғамда пікірталас тудырған оқиға Жақында Түркістан

Мешіт – құлшылық орны, рухани тәрбие мен жамағаттың бас қосатын қасиетті мекені. Мұсылман адам мешітке келгенде әдептілік сақтап, көркем мінез танытуы тиіс. Бұл туралы Ағабек Қонарбайұлы жазды, деп хабарлайды Todayinfo порталы.
Қоғамда пікірталас тудырған оқиға
Жақында Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы мешітте орын алған оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, қоғамда түрлі пікір қайшылығын тудырды. Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) мешітте орын алған әдепсіз әрекеттерге қатысты ресми мәлімдеме жасап, мешіт имамына ескерту бергенін хабарлады.
Жамағатқа үндеу
ҚМДБ барша мұсылман қауымын мешітке келгенде:
🔹 Дауыс көтеріп сөйлемеуге,
🔹 Әдепсіз әрекеттерге жол бермеуге,
🔹 Ұрыс-керіс жасамауға,
🔹 Мешіт әдебін сақтауға шақырды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттерде тыныштық пен тәртіп сақтаудың маңыздылығын еске салып, жамағатты сабыр мен парасаттылыққа үндейді.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·