Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Инфляцияның өсуіне Ресейдегі баға әсер етеді»: Қазақстанда азық-түлік бағасының күрт көтерілу себебі белгілі болды

Мәжіліс кулуарында Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қараша және желтоқсан айларымен салыстырғанда елде азық-түлік неге қатты қымбаттап кеткенін түсіндірді. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Ұлттық экономика министрінің айтуынша, азық-түліктің қымбат

By Айғаным Нариманова··1 min read
«Инфляцияның өсуіне Ресейдегі баға әсер етеді»: Қазақстанда азық-түлік бағасының күрт көтерілу себебі белгілі болды
Мәжіліс кулуарында Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қараша және желтоқсан айларымен салыстырғанда елде азық-түлік неге қатты қымбаттап кеткенін түсіндірді. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Ұлттық экономика министрінің айтуынша, азық-түліктің қымбаттауы тек қосылған құн салығына байланысты емес.
“Білесіздер, біз өзімізді барлық азық-түлікпен толық қамтамасыз ете алмаймыз. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша өзімізді 70-90% деңгейінде қамтып отырмыз. Тек әлеуметтік маңызы бар өнімдерді ғана емес, өзге де тауарларды тұтынатындар олардың импорттық болуы мүмкін екенін түсінуі керек. Қазір бүкіл әлемде азық-түлік бағасы өсіп жатыр. Былтыр, мысалы, FAO индексі күнбағыс майы бойынша 124 болды, сүттің бағасы айтарлықтай өсті, ет бағасы да қатты өсті. Бұл нені білдіреді? Яғни, экспорттық бағытта біздің өнімдерге сұраныс арта бастайды деген сөз”, – деді Серік Жұманғарин.
Оның сөзінше, біздің фермерлер өнімін экспортқа сатқысы келеді, өйткені ол жақта баға жоғары.
“Ал біз оларға “экспортқа сатпаңдар, ішкі нарыққа өткізіңдер” дейміз. Олар болса “біз табысымызды арттырғымыз келеді” деп ішкі нарықтағы бағаны көтереді”, – деді министр.
Қаңтар қорытындысы бойынша Қазақстанда азық-түлік инфляциясы 0,8% болса, Ресейде бұл көрсеткіш 2% болған.
“Азық-түліктің басым бөлігін біз Ресейден аламыз. Сәйкесінше, инфляцияның өсуіне Ресейдегі баға да әсер етеді. Сондықтан бар кінәні қосылған құн салығының 4%-ға өсуінен көру дұрыс емес”, – деп түйіндеді Жұмағарин.

Related

«Инфляцияның өсуіне Ресейдегі баға әсер етеді»: Қазақстанда азық-түлік бағасының күрт көтерілу себебі белгілі болды · Todayinfo