Todayinfo.kz
NewsView all articles

Интернетте суицидті насихаттау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды – Бас прокурор

Елімізде интернетте суицидті насихаттау дерегі бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов айтты, деп хабарлайды Todayinfo   тілшісі. - Интернетте өз-өзіне қол жұмсауды насихаттағаны үшін прокуратура Қылмыстық кодекстің 313-1-бабымен 3 қылмыстық іс

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Интернетте суицидті насихаттау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды – Бас прокурор
Елімізде интернетте суицидті насихаттау дерегі бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов айтты, деп хабарлайды Todayinfo тілшісі.
- Интернетте өз-өзіне қол жұмсауды насихаттағаны үшін прокуратура Қылмыстық кодекстің 313-1-бабымен 3 қылмыстық іс қозғады. Тергеуді арнайы прокурорларға тапсырдым. Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген контентке қатысты бірнеше Telegram-арнаның қатысушылары мен әкімшілері тексеріледі, - деп жазды Берік Асылов X әлемуметтік желісінде.
Бас прокурор қажет тергеу жүргізіліп, бірқатар сараптама тағайындалатынын атап өтті.
- ІІМ-ге суицидтің барлық фактісінде Қылмыстық кодекстің 313-1-бабы белгілерін тексеру тапсырылды. Тергеу барысын бақылауға алдым. Басқа да әлеуметтік желілерде Қылмыстық кодекстің 313-1-бабы белгілерінің бар-жоғын тексереміз, - деді ол.
Берік Асылов шетелдік сайттарда тексерілетінін айтты.
«Суицидті насихаттайтын шетелдік сайттар бойынша құқықтық көмек көрсету үшін халықаралық тапсырма жіберіледі. Тергеу барысында қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу қажеті туралы мәселені қарастырамыз», - деді бас прокурор.
 

Related

Интернетте суицидті насихаттау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды – Бас прокурор · Todayinfo