Todayinfo.kz
NewsView all articles

Инвестиция 13 млрд теңге: Михаил Ломтадзе Премьер-министрге цифрлық сауданың жаңа белгісін таныстырды

Премьер-министр Олжас Бектенов бүгін Алматыға жұмыс сапары аясында «Magnum E-commerce Kazakhstan» ЖШС мамандандырылған Dark Store форматындағы заманауи қоймасымен танысты. Хаб логистиканы жеделдетіп, тәулігіне 18 мыңға дейін тапсырысты тиімді өңдеуге қабілетті, деп хабарлайды Tod

By Жаннұр Еділбаева··2 min read
Инвестиция 13 млрд теңге: Михаил Ломтадзе Премьер-министрге цифрлық сауданың жаңа белгісін таныстырды

Премьер-министр Олжас Бектенов бүгін Алматыға жұмыс сапары аясында «Magnum E-commerce Kazakhstan» ЖШС мамандандырылған Dark Store форматындағы заманауи қоймасымен танысты. Хаб логистиканы жеделдетіп, тәулігіне 18 мыңға дейін тапсырысты тиімді өңдеуге қабілетті, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Инвестициялық жобаға 13 млрд теңге салынды, 800 жұмыс орны ашылды.

Kaspi. kz инновациялық компаниясының басшысы және тең құрылтайшысы Михаил Ломтадзе Үкімет басшысына 2025 жылдың өзінде Kaspi. kz платформасындағы Magnum онлайн супермаркеті арқылы 800 мыңнан астам қазақстандық 5,3 млн жылдам жеткізу онлайн тапсырысын бергенін айтты. Сатылымдардың 50%-дан астамы отандық өнім. Сонымен қатар 4,5 мың жұмыс орны құрылған. Kaspi. kz платформасындағы Magnum онлайн супермаркеті мемлекет бюджетіне 5 млрд теңге көлемінде салық аударған, оның жартысы немесе шамамен 2,4 млрд теңгесі 2024 жылы төленген.

Жалпы, өткен жылы еліміздегі электронды сауда көлемі соңғы 5 жылда 5 есеге өсіп, 3,2 трлн теңгеге жетті. е-commerce үлесі бөлшек сауданың жалпы көлемінің 16,6%-ын құрады.

Премьер-министр өз кезегінде тұтынудың, логистика мен сауданың заманауи моделін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Related

Инвестиция 13 млрд теңге: Михаил Ломтадзе Премьер-министрге цифрлық сауданың жаңа белгісін таныстырды · Todayinfo