Todayinfo.kz
NewsView all articles

Иран АҚШ-қа мәміле ұсынды: уранды тоқтатамыз, санкцияны алып тастаңдар

The New York Times: Иран АҚШ-қа ядролық бағдарламасын шектеуге уәде беріп, орнына мұнай эмбаргосы мен қаржылық санкцияларды алып тастауды сұрады.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Иран АҚШ-қа мәміле ұсынды: уранды тоқтатамыз, санкцияны алып тастаңдар

Иран АҚШ-қа ядролық бағдарламасын шектеуге дайын екенін айтып, оның орнына қаржылық санкциялар мен мұнай эмбаргосын алып тастауды талап етті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

The New York Times басылымының жазуынша, Тегеран 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге уран байытуды тоқтатып, халықаралық инспекторлардың бақылауымен оның деңгейін азайтуға келісімін берген.

"Сонымен қатар ресми Тегеран бейбіт мақсатта уран байыту жөніндегі аймақтық альянсқа қосылуға, тәжірибе және технология алмасуға дайын екенін жеткізді", – делінген басылым материалында.

Басылымның мәліметінше, бұл ұсыныстар – АҚШ-пен ядролық келісімге келу жолындағы келіссөздердің бір бөлігі. Егер келісім жасалса, бұл санкцияларды жеңілдетіп, экономикалық байланыстарды қайта жандандыруға мүмкіндік береді.

Related

Иран АҚШ-қа мәміле ұсынды: уранды тоқтатамыз, санкцияны алып тастаңдар · Todayinfo