Иран президенті Масуд Пезешкиан Таяу Шығыстағы тұрақсыздыққа Израильді кінәлі деп санап, оны «хаос, зорлық-зомбылық пен террордың негізгі көзі» деп атады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
IRNA агенттігінің мәліметінше, Пезешкиан бұл мәлімдемені Наурыз мейрамы мен Ораза айтқа орай жолдаған құттықтау сөзінде жасаған. Ол аймақтағы елдерді тұрақсыздықтың нағыз себебін мойындауға шақырды.
"Таяу Шығыстағы хаостың, зорлық-зомбылық пен террордың негізгі көзі — Израиль. Өңір елдері осы мемлекеттің тұрақсыздық пен қақтығыстарды қоздырып отырғанын мойындауы керек", - деп атап өтті Иран басшысы.
Ол өз елінің мұсылман мемлекеттерімен қақтығысуға ниетті емесін, оларды бауырлас ел санайтынын жеткізді. Оның пікірінше, аймақтағы кикілжіңдер сыртқы «қаскөй күштердің» араласуынан туындап отыр.
Сондай-ақ, президент Иран өкілдері мен балаларды қоса алғанда, бейбіт тұрғындардың қаза тапқанын айтып, мұндай әрекеттерді негізсіз деп бағалады. Осыған байланысты ол көрші елдерді диалог арқылы мәселелерді бірлесіп шешуге үндеді.
Пезешкиан Таяу Шығыста сыртқы күштердің ықпалынсыз қауіпсіздік жүйесін құру идеясын ұсынды. Ол тіпті «исламдық парламент» құрып, оның аясында қауіпсіздік, экономика, мәдениет және саясат салаларында ынтымақтастықты нығайтуға болатынын атап өтті.
Фото: Әлеуметтік желіден




