Todayinfo.kz
NewsView all articles

Иран қауіп төндірген жоқ: АҚШ-тың лауазымды шенеунігі отставкаға кетті

АҚШ-тың Терроризмге қарсы күрес орталығының басшысы Джо Кент отставкаға кетті. Ол Иран қауіп төндірмегенін, жанжалды лобби бастағанын айтты.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Иран қауіп төндірген жоқ: АҚШ-тың лауазымды шенеунігі отставкаға кетті

АҚШ Терроризмге қарсы күрес ұлттық орталығының басшысы Джо Кент Иран елге ешқандай қауіп төндірмегенін мәлімдеп, отставкаға кетті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, Иранмен арадағы шиеленістің ушығуына Израильді жақтайтын лобби топтарының қысымы себеп болған. Ол бұл қақтығыстың АҚШ-тың ұлттық мүддесіне сай келмейтінін атап өтті.

Бұған жауап ретінде АҚШ президенті Дональд Трамп Кенттің қызметтен кетуін құптап, оның ұстанымын сынға алды.

"Оның ұстанымы – әлсіздік. Ал өзінің көрегендігі жетіспейді", – деді Трамп.

Бұған дейін саясаткер Тулси Габбард соғыс туралы шешімді Трамп барлау қызметінің деректеріне сүйеніп қабылдағанын мәлімдеген болатын. Алайда Кенттің мәлімдемесі бұл ақпаратқа күмән келтіріп отыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Related

Иран қауіп төндірген жоқ: АҚШ-тың лауазымды шенеунігі отставкаға кетті · Todayinfo