Таяу Шығыс пен парсы шығанағы отқа оранып жатқанда, ресейлік саясаткер, бүгінде көзі жоқ Жириновскидің айтқандарын ел еске ала бастады, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
Қашанда батыл қадамдары, шулы мәлімдемелері арқылы ел назарын өзіне аударатын саясаткердің айтқандары расқа айнала бастады.
«Болжауымды айтып отырмын, 20 жылдан кейін: “Владимир Вольфович ол кезде не істеу керектігін айтып еді, ал біз тыңдамадық” деп айтасыңдар. Олардың жоспары қандай? Тағы жеті араб елін басып алып, Сирияны тас-талқан етіп, күшпен Иранды құлату. Бұл жағдайда қайсысы детонатор, не болмаса, дәлірек айтқанда, қайдан “допинг” келеді? Қысым Иранға бағытталады. Араб елдері демократия орнату деген желеумен күш қолданбақ – шын мәнінде мақсаттары: барлық энергия ресурстарын бақылауға алу. Өйткені болашақ дағдарыс – ол болашақ емес, ол қазірдің өзінде басталды», - деп айтқан саясаткер.
Иран режимін құлату жолында АҚШ алдымен Израильді пайдаланады. Оның мақсаты Қытай экономикасына жанама соққы жасау.
«Америкаға Қытайды әлсірету керек. Ал егер Иранға соққы жасалса, мұнай бағасы бір баррельге 200 долларға дейін шарықтайды. Қытай экономикасы мұндайға төтеп бере алмайды, Еуроодақ та шыдамайды. Яғни, Иранға соққы жасау арқылы Америка Еуроодақты да, Қытайды да әлсіретеді. Бірақ Ресей қалады. Оны қалай әлсіретпек? Ираннан босқындар тек солтүстікке қарай көшуі мүмкін. Оңтүстікте – Сирияда – проамерикалық режим орнатылады, оңтүстікте – Иракпен олар жылдар бойы соғысты, аралары нашар. Тек солтүстікке қарай. Әсіресе, Әзербайжан дәлізі арқылы. Ирандық Әзербайжанда 18 миллион әзербайжан тұрады. Ал Бакуде – 8 миллион. Барлығы 24 миллион. Перс халқы, бәлкім, ол жақта азшылық. Белуджилер Пәкістанмен шекарада тәуелсіздік алғысы келеді, түрікмендер де Түрікменстанға қосылуға қарсы емес. Яғни соққы тікелей емес, Закавказьеге бағытталады. Миллиондаған босқындар ағылады», — деп болжап кеткен ресейлік саясаткер.




