Todayinfo.kz
NewsView all articles

Иран режимі құласа, Ресей әлсірейді: сарапшы Қазақстанға не беретінін айтты

Ирантанушы Жәнібек Көпжасар Ирандағы режимнің ауысуы Қазақстанға үлкен мүмкіндіктер ашатынын айтты. Бұл Ресей мен Қытайды әлсіретеді.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Иран режимі құласа, Ресей әлсірейді: сарапшы Қазақстанға не беретінін айтты

Ирантанушы сарапшы Жәнібек Көпжасар Ирандағы саяси режимнің ауысуы Қазақстан үшін жаңа экономикалық және геосаяси мүмкіндіктер ашатынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл жағдай Ресей мен Қытайдың аймақтағы ықпалын төмендетіп, Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуын жеңілдетеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Сарапшы әлеуметтік желідегі жазбасында Ирандағы ықтимал өзгерістердің Қазақстанға тигізер оң әсерін бірнеше тармақпен түсіндірді.

"Біз үшін бұл – үлкен мүмкіндік. Біріншіден, Иранға салынған санкциялар алынады. Бұл Қазақстанға әлемдік нарыққа шығатын ең арзан әрі ең қысқа жолды ашады. Осы арқылы біз бидай, арпа, ет сияқты ауыл шаруашылығы өнімдерін 90 миллиондық Иран нарығына ғана емес, Пәкістан, Үндістан, Араб елдері мен Африканың 2 миллиардтық нарығына экспорттай аламыз. Сонымен қатар импорттық тауарларды да арзанға аламыз.

Екіншіден, мұнайымызды сыртқа тасымалдайтын балама жол пайда болады. Үшіншіден, ең негізгісі – Ресей Иран мен Таяу Шығыстағы ықпалынан толық айырылады. Еуропа ресейлік мұнай мен газдан бас тартып, Иранның энергетикалық ресурстарын сатып ала бастайды. Бұл Ресейді айтарлықтай әлсіретеді.

Төртіншіден, осы уақытқа дейін Ираннан арзан мұнай сатып алып келген Қытай бұл мүмкіндігінен айырылады да, геосаясатқа араласудың орнына өз ішкі мәселелерімен айналысады. Міне, осының бәрі біздің қуануымызға себеп", - деп жазды Жәнібек Көпжасар.

Фото: Әлеуметтік желіден

Related

Иран режимі құласа, Ресей әлсірейді: сарапшы Қазақстанға не беретінін айтты · Todayinfo