Ирландиялық жеңілмеген файтер: Шавхат Рахмонов 7 желтоқсанда чемпиондық атақ үшін төбелеседі
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов 7 желтоқсанда Лас-Вегаста UFC 310 турнирінде уақытша чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы – ирландиялық жеңілмеген файтер Иан Машадо Гэрри, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Ирландиялық спортшы жартылай орта салма

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов 7 желтоқсанда Лас-Вегаста UFC 310 турнирінде уақытша чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы – ирландиялық жеңілмеген файтер Иан Машадо Гэрри, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Ирландиялық спортшы жартылай орта салмақта өнер көрсетеді. Ол UFC-ге 2021 жылы дебют жасап, сол уақыттан бері 15 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.
Жекпе-жек 5 раундқа жоспарланған.
Бұған дейін Шавкат Рахмонов UFC чемпионы Біләл Мұхаммадпен жекпе-жекке шығуы тиіс болған. Алайда, денсаулығына байланысты тегі палестиналық спортшы бұл кездесуден бас тартты. Сол себепті басты жекпе-жектің орнына Рахмонов пен Гэрридің айқасы ұйымдастырылып отыр.
Related

News
Алматыдағы перзентханада көз жұмған жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды
Айғаным Нариманова·

News
Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдікке тұрмысқа шықты
Айғаным Нариманова·

News
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·

News
Житель Павлодара пытался поджечь подъезд жилого дома
Жаннұр Еділбаева·