Испандық журналистер мен блогерлер «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының алдында «Шымбұлаққа» барды
Алматыға миллиондаған аудиториясы бар 15 испандық журналист пен блогер келді. Олар УЕФА Чемпиондар лигасындағы «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы алдағы матчты жария ету үшін ат басын бұрды. Бұл туралы қалалық туризм басқармасы хабарлады. Сапар аясында шетелдік қонақтар Алматы

Алматыға миллиондаған аудиториясы бар 15 испандық журналист пен блогер келді. Олар УЕФА Чемпиондар лигасындағы «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы алдағы матчты жария ету үшін ат басын бұрды. Бұл туралы қалалық туризм басқармасы хабарлады.
Сапар аясында шетелдік қонақтар Алматының туристік және мәдени әлеуетімен танысу үшін «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына барды.
Журналистер мен блогерлер испан тілін еркін меңгерген алматылық блогер әрі полиглот Мәди Фазылға жолбасшы болуды өтінді. Оның көмегімен қонақтар Алматының атмосферасын жақынырақ сезініп, қаланың ерекше колоритін ашты.
Мұндай сапарлар Алматыны халықаралық деңгейде ілгерілетуге, қаланың туризм, спорт және мәдениет орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтуға ықпал етеді.
Related

News
Осужденный по делу Салтанат Нукеновой брат Бишимбаева освобожден по амнистии
Жаннұр Еділбаева·

News
Заработал более 12 миллионов и сбежал: организатора подпольного казино вернули в Казахстан
Жаннұр Еділбаева·

News
Экс-начальника районной полиции Шымкента осудили за взятку в 15 млн тенге
Жаннұр Еділбаева·

News
Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов бүгін бостандыққа шығады
Айғаным Нариманова·