Todayinfo.kz
NewsView all articles

Израиль Иранның шабуылына жауап береді – ЦАХАЛ

Израиль армиясы бас штабының басшысы Герци Халеви Израиль Иранның зымырандық шабуылына жауап беретінін және оны қалай жасау керектігін шешіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Euronews . «Иран өз әрекетінің зардабын тартады. Тиісті жауапты таңдаймыз. ЦАХАЛ кез келген қауіпке қарсы тұ

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Израиль Иранның шабуылына жауап береді – ЦАХАЛ
Израиль армиясы бас штабының басшысы Герци Халеви Израиль Иранның зымырандық шабуылына жауап беретінін және оны қалай жасау керектігін шешіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Euronews.
«Иран өз әрекетінің зардабын тартады. Тиісті жауапты таңдаймыз. ЦАХАЛ кез келген қауіпке қарсы тұруға дайын», - деді ол.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ЦАХАЛ-дан Иранға адам шығынынсыз «сигнал жіберетін» нысана нұсқаларын ұсынуын сұрады.

Еске сала кетсек, сенбі күні кешке Иран өз аумағынан Израильге қарай соққы жасауға арналған ұшқышсыз ұшу аппараттары мен зымырандардың үлкен толқынын ұшырды. Бұл - Ислам Республикасының еврей мемлекетіне алғаш рет тікелей шабуыл жасауы.

 

Related

Израиль Иранның шабуылына жауап береді – ЦАХАЛ · Todayinfo