Израиль өз тарихында Сирияға ең ауқымды соққылардың бірін жасады
Фото: ашық дереккөз Бітімгершілік әскері орналасқан Голан жотасына жақындаған Израиль сарбаздары билігі ауысып, өзара қырқысып Сирияға жаппай кең ауқымды шабуыл жасады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. Дамашық маңындағы электронды әскери басқармасы, Акраба ма

Фото: ашық дереккөз
Бітімгершілік әскері орналасқан Голан жотасына жақындаған Израиль сарбаздары билігі ауысып, өзара қырқысып Сирияға жаппай кең ауқымды шабуыл жасады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы.
Дамашық маңындағы электронды әскери басқармасы, Акраба маңындағы тікұшақ әуежайы, Барза ауылындағы және Жамрадағы ғылыми зерттеу орталығығы, Хомстың оңтүстігіндегі Шеншар ауданы, Латакия порты шабуылға ұшырады.
Одан бөлек Латакиядағы С-300 кешендері, Масафтағы ғылыми зерттеу орталығы, Әль-Курниш, Әль-Машриф және Раш Шамрадағы әскери қоймалар, Сумейрадағы снаряд қоймасы, Адрадағы қару-жарақ қоймасы өртке оранды. Миг-29 ұшақтары орналасқан Дамашық әскери әуежайы және Тартебтегі “Фудж 54” базасының күл талқаны шықты. Өлгендер жайлы мәлімет жоқ. Израиль Сирияның қашып кеткен президенті Башар Асадтан қалған әскери қоймалардың лаңкестердің қолына түсуіне жол бермейтін мәлімдеді.
Таяу Шығыстағы тұрақсыздық қайта белең алып, ойыннан Иран мен Ресей жартылай шығып қалды. Ал АҚШ пен Түркия Сириядағы позициясын күшейтті. Түркия Сирияның 30-35 пайыз аумағына иелік етіп отырған Күрд жасақтарына соққы беріп жатыр.
Related

Politics
Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Адал азамат мектебін іске қосты
Todayinfo редакциясы·

Politics
Ұлытау облысының жаңа әкімі Президентке есеп берді
Айғаным Нариманова·

Politics
Қазақстан мен Ресейдің ортақ жобаларының құны 52 млрд доллардан асты - Тоқаев
Айдар Керім·

Politics
«Әділет» партиясының тізімі жарияланды
Айдар Керім·