Todayinfo.kz
NewsView all articles

Кәсіпкер медициналық мекемеге бахиланың әр данасын 30 есе қымбатқа жеткізбек болған

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, Абай облысының медициналық-білім беру мекемесі 500 қорап (25 мың жұп) бахиланы сатып алуға тендер жариялаған, оны ең аз сома – 887 500 теңгені ұсынған кәсіпкер жеңіп алған. Алайда кәсіпкер бұл қомақты ақшаға бар болғаны 500

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Кәсіпкер медициналық мекемеге бахиланың әр данасын 30 есе қымбатқа жеткізбек болған
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, Абай облысының медициналық-білім беру мекемесі 500 қорап (25 мың жұп) бахиланы сатып алуға тендер жариялаған, оны ең аз сома – 887 500 теңгені ұсынған кәсіпкер жеңіп алған. Алайда кәсіпкер бұл қомақты ақшаға бар болғаны 500 дана (250 жұп) бахила, яғни әрқайсысын 1775 теңгеден жеткізуге тырысқан. Оның талабын Жетісу облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қолдаған. Яғни сот медициналық мекемені ақша төлей отырып, тауарды қабылдауға міндеттеген. Апелляциялық сатыдағы прокурорлық ден қою шаралары кезінде бахиланың нарықтық құны 30 теңгеден аспайтыны дәлелденіп, заңсыз шешімнің күші жойылды.  

Related

Кәсіпкер медициналық мекемеге бахиланың әр данасын 30 есе қымбатқа жеткізбек болған · Todayinfo