Todayinfo.kz
NewsView all articles

Кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің іздеудегі інісі ұсталды

Антикор 2023 жылдан бері іздеуде жүрген кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің інісі Дархан Өмірәлиевті ұсады.  Агенттіктің мәліметінше, күдікті Бішкекте ұсталып, Алматыға жеткізілген. Бүгінде ол қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. "Ол бұрын сот үкімім

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің іздеудегі інісі ұсталды
Антикор 2023 жылдан бері іздеуде жүрген кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің інісі Дархан Өмірәлиевті ұсады.  Агенттіктің мәліметінше, күдікті Бішкекте ұсталып, Алматыға жеткізілген. Бүгінде ол қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Ол бұрын сот үкімімен тәркіленген 3 үй мен 2 пәтерді, яғни мемлекеттік мүлікті жымқырды деген күдікке ілінген. Алаяқтық Алматы қаласы әкімдігі мен ҰҚКД лауазымды тұлғалардың қатысуымен жылжымайтын мүлікті төмен бағамен сату арқылы жасалды", - деп жазылған хабарламада.
Биыл 14 маусымда ол Бішкек қаласында ұсталды. Осыдан соң күдікті Қырғыз Республикасы ІІМ қызметкерлеріне жеңілдетілген рәсім бойынша өз еркімен Отанына оралуға дайын екенін айтқан.
"Сол күні Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің сүйемелдеуімен «Ө» атты азамат Қырғыз Республикасының шекарасынан өтіп, Алматы қаласына жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.
Қазір күдіктінің қатысуымен тергеу жүргізіліп жатыр.  

Related

Кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің іздеудегі інісі ұсталды · Todayinfo