Кентаулық дзюдошылар республикалық турнирде топ жарды
Алматы қаласында 2010-2011, 2013-2014 және 2015-2016 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында дзюдодан “Бейбарыс Сұлтан” атты республикалық турнир өтті. Аталған жарысқа еліміздің әр өңірінен 800-ден астам спортшы қатысып, өзара бақ сынады. Бұл додада Кентау қалалық №2 Б

Алматы қаласында 2010-2011, 2013-2014 және 2015-2016 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында дзюдодан “Бейбарыс Сұлтан” атты республикалық турнир өтті. Аталған жарысқа еліміздің әр өңірінен 800-ден астам спортшы қатысып, өзара бақ сынады.
Бұл додада Кентау қалалық №2 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдошылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, 32 келі салмақта Сұңқар Иса — І орын, 38 келі салмақ дәрежесінде Махамбет Жанайдар үздік атанса, 55 келіде Әділ Жұбатхан алтыннан алқа тақты. Ал, Мирас Бақытжан 26 келі салмақта күміс медал иеленсе. Рауан Ерімбет 66 келіде қола жүлдеге ие болды.
Командалық есеп бойынша Кентау қаласының дзюдошылары 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, үлкен жетістікке қол жеткізді. Бұл жеңістер спорт мектебінің жаттықтырушылары Бағдат Иса, Асхат Анетов және Дәулет Набихановтардың табанды еңбегінің жемісі.
Related

Turkestan Region
Түркістанда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аталып өтті
Жаннұр Еділбаева·

Turkestan Region
Специалисты призвали соблюдать меры безопасности во время купального сезона в Туркестанской области
Жаннұр Еділбаева·

Turkestan Region
Түркістан облысында мамандар шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады
Жаннұр Еділбаева·

Turkestan Region
Түркістан қаласында 512 отбасы баспаналы болды
Жаннұр Еділбаева·