Шетелдік астрологтар 2026 жылдың 15 мамырына арналған жұлдыз жорамалын жариялады. Мамандардың айтуынша, бұл күн сабыр сақтап, ішкі шешімдер қабылдауға және өмірдегі өзгерістерге дайын болуға қолайлы, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Астрологтар қаржы мәселесіне мұқият қарап, артық шығыннан сақ болуға кеңес береді. Сонымен қатар ескі байланыстарды жаңғыртуға, жақындармен араласуға және болашақ жоспарларды ой елегінен өткізуге ыңғайлы күн болмақ.

Тоқты
Бұрыннан кейінге қалып жүрген шаруаларды аяқтауға жақсы мүмкіндік туады. Кешке маңызды әңгіме болуы мүмкін.

Торпақ
Қаржы мәселесіне ерекше көңіл бөлген жөн. Күтпеген шығындардан сақтанып, демалысқа уақыт бөлген дұрыс.

Егіздер
Қарым-қатынаста абай болған жөн. Кездейсоқ естіген ақпарат сіз үшін маңызды болып шығуы мүмкін.

Шаян
Отбасы мен жақындарға көңіл бөлуге қолайлы күн. Эмоциялық тұрғыда қолдау сезінесіз.

Арыстан
Жұмыста немесе шығармашылықта өзіңізді көрсетуге мүмкіндік туады. Бірақ даулы мәселеде артық сенімділік танытпаған жөн.

Бикеш
Күн сәл ауырлау өтуі мүмкін. Күш-қуатты дұрыс бөліп, кешке тынығуға уақыт табыңыз.

Таразы
Жаңа таныстықтар мен ортақ бастамалар үшін сәтті күн. Қызықты ұсыныс түсуі ықтимал.

Сарышаян
Ішкі түйсік күрделі жағдайдан шығуға көмектеседі. Ұзаққа созылған мәселені шешетін уақыт келді.

Мерген
Бастысы — ішкі тепе-теңдікті сақтау. Сынға эмоциямен жауап бермеген дұрыс.

Тауешкі
Жоспар құруға, келіссөз жүргізуге және құжаттарды реттеуге қолайлы күн.

Суқұйғыш
Өміріңізде күтпеген өзгерістер болуы мүмкін. Жаңа идеялар мен ұсыныстарға ашық болыңыз.

Балықтар
Демалыс пен эмоциялық жағдайға көңіл бөлетін күн. Шығармашылықпен айналысу пайдалы болады.