Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын өзінің 13 жастағы қызы Ким Чжу Э-ні елдің ядролық күштеріне жауапты тұлға етіп тағайындады. Бұл оқиға оның болашақ мұрагер ретінде дайындалып жатқаны туралы болжамды күшейтті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
The Chosun Daily басылымының жазуынша, Ким Чжу Э-нің нақты лауазымы аталмағанымен, оны «зымырандар жөніндегі бас директор» деп сипаттауға болады. Мәліметтерге сәйкес, ол генералдардан тікелей есеп қабылдап, оларға нақты тапсырмалар береді.
Соңғы уақытта Ким Чжу Э әкесімен бірге жиі көпшілік алдына шығып жүр. Ол әскери полигондарға барып, қару-жарақ сынақтарын бірге бақылайды. Бұл оның мемлекеттік істерге, әсіресе әскери салаға ерте араласа бастағанын көрсетеді.
"Бұл — Ким Чен Ынның өз мұрагерін дайындау процесінің бір бөлігі. Қызын осы жастан бастап билікке баулып жатыр", - деп санайды Оңтүстік Корея арнайы қызметтеріндегі дереккөздер.
Фото: Әлеуметтік желіден




