Todayinfo.kz
NewsView all articles

Көкшетауда алаяқтар балабақша тәрбиешісінің нөмірінен ата-аналарға үрейлі хабарлама жіберді (ВИДЕО)

Көкшетауда белгісіз тұлғалар балабақша тәрбиешісінің WhatsApp мессенджерін бұзып, ата-аналарға қорқынышты хабарламалар жіберген, деп хабарлайды   Todayinfo. Жәбірленуші ана: "Ұлымды түскі ұйқыдан кейін алып кететінімді тәрбиешіге жазған едім. Бірақ жауап ретінде: «Сәлім енді

By Айғаным Нариманова··1 min read
Көкшетауда алаяқтар балабақша тәрбиешісінің нөмірінен ата-аналарға үрейлі хабарлама жіберді (ВИДЕО)
Көкшетауда белгісіз тұлғалар балабақша тәрбиешісінің WhatsApp мессенджерін бұзып, ата-аналарға қорқынышты хабарламалар жіберген, деп хабарлайды  Todayinfo. Жәбірленуші ана:
"Ұлымды түскі ұйқыдан кейін алып кететінімді тәрбиешіге жазған едім. Бірақ жауап ретінде: «Сәлім енді оянбайды, оны Милана терезеден итеріп жіберді» деген суық хабарлама келді. Сол сәтте қандай күйде болғанымды сөзбен жеткізу мүмкін емес!"
Бұл мазмұндағы хаттар басқа ата-аналарға да жіберілген. Полиция департаменті:
"14 наурызда Көкшетау қаласындағы балабақша тәрбиешісі WhatsApp мессенджерінің бұзылуы бойынша арыз жазған. Қазіргі уақытта бұл оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр."

Related

Көкшетауда алаяқтар балабақша тәрбиешісінің нөмірінен ата-аналарға үрейлі хабарлама жіберді (ВИДЕО) · Todayinfo