Todayinfo.kz
SocietyView all articles

Көпшілік алдындағы келеңсіздік: танымал ақындар Олжас Сүлейменовтың өлеңдерін жатқа айта алмай, оқып шықты

Концертте залда отырған Амантай қажы аттандап, айғайлады.

By Айғаным Нариманова··1 min read
Көпшілік алдындағы келеңсіздік: танымал ақындар Олжас Сүлейменовтың өлеңдерін жатқа айта алмай, оқып шықты
📷 Алматы әкімдігі

Алматыда ақын, Қазақстанның халық жазушысы Олжас Сүлейменовтың шығармашылық кеші өтті. 90 жасқа толған ақынның мерейтойлық кешіне адам өте көп келді. Бірақ концерттік бағдарламаға Олжас Сүлейменовтың өзі қатысқан жоқ. Жүріп-тұруы қиындаған ақынға құттықтаулар сырттай айтылды, деп жазады Todayinfo.kz порталы.

Кеште ақынның өлеңдерінен аудармалар оқылып, оқушылардың қатысуымен қойылымдар қойылды. Ең қызығы, оқушылар мен жастар абыз ақсақалдың шығармаларын мүдірмей, мүлтіксіз орындап шыққанда, аты танымал ақындар Олжас Сүлейменовтың бір ауыз, төрт жол өлеңдерін жатқа айта алмады. Қолдарына бір беттік қағаз ұстаған ақындар Сүлейменовтың аудармаларын жазып алғандары бойынша оқып берумен шектелді.

Жүргізушілер атын атап, түрін түстеп сахнаға шақырған ақындардың ішінде Ұлықбек Есдәулет, Алмат Исәділ мен Ерлан Жүніс сынды орта буын өкілдері болды.

bbf4c4ab-4533-4574-bade-566f5b134744.jpg

Алматы қаласы әкімінің орынбасары сөз сөйлеп, мерейтой иесіне құттықтау арнады. Ал ҚР Жазушылар Одағының төрағасы Мереке Құлкенов ақын Олжас Сүлейменов жайлы тарихи естеліктерімен бөлісті.

Ал Амантай қажы әдетінше аттандап, шараның берекесін алмақ болды.

Related

Көпшілік алдындағы келеңсіздік: танымал ақындар Олжас Сүлейменовтың өлеңдерін жатқа айта алмай, оқып шықты · Todayinfo